{metadescription}
Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына қатысады

Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына қатысады

Ашхабадтағы жыл бәсекесі 1-10 қараша аралығында өтеді.

Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды. Құрама сапында допинг дауынан кейін спортқа оралған Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло да бар.

Биылғы әлем чемпионаты 1-10 қараша аралығында өтеді. Түрікменстан елінің астанасында 16 медальдар жиынтығы сарапқа салынатын болады Қазақстан құрамасы жаттықтырушыларының кеңейтілген отырысында әлем чемпионатына қатысатын ауыр атлеттер анықталды. Құрама қазіргі таңда Сочиде оқу-жаттығу жиынында жүр.

Қазақстан ерлер құрамасы: Арли Чонтей (55 кг), Фархад Харки (67 кг), Нижат Рахимов (73 кг), Айдар Қазов (81 кг), Денис Уланов (89 кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Илья Ильин (102 кг), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов (екеуі де - 109 кг) және Елдос Сайлау (+ 109 кг).

Қазақстан әйелдер құрамасы: Зульфия Чиншанло (55 кг), Сауле Садуакасова (59 кг), Әсем Садықова, Карина Горичева (екеуі де - 64 кг), Надежда Лихачева, Екатерина Столяренко (екеуі де - 71 кг), Екатерина Быкова (76 кг), Раушан Мешітханова (87 кг), Айзада Муптилда және Александра Аборнева (+ 87 кг). Айта кетейік, ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионаты IWF атқарушы комитеті шілде айында өзгерткен ереже бойынша жаңа салмақ дәрежелерінде өтеді.

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.