Қазақстан азаматы Түркия әуежайында өзін-өзі өлтірді
Ыстанбұлдағы «Ататүрік» әуежайында ер адам екінші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады.
21:00 28.09.2018
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров Түркияда қаза болған Қазақстан азаматына қатысты ресми ақпарат берді.
«27 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де Ататүрік атындағы Стамбұл қаласының халықаралық әуежайында 1981 жылы туған Қазақстан азаматы әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан секіріп кетіп, өз-өзіне қол жұмсады».
Ведомствода аталып өткендей, марқұм Түркия Республикасының аумағына 26 қыркүйек күні келіп, бір тәулік бойы әуежайда болған. Оқиға орнына келген түркиялық дәрігерлер біздің азаматымызды аман алып қала алмады. Ол алған жарақаты салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Gokyuzu Haberci.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!