{metadescription}
Ақмола облысы кәуап жасаудан рекорд жасады

Ақмола облысы кәуап жасаудан рекорд жасады

Бүгін Ақмола облысында еліміздегі ең ірі Макинск құс фабрикасы іске қосылды.

Осыған орай, кәсіпорынның 200-ден астам қызметкері тауық етінен ұзындығы 223 метрлік кәуап дайындап, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл ресми түрде Гиннестің әлемдік рекордтар кітабында тіркелді.

Кәсіпорынның БАҚ-пен байланыс және PR менеджері Мәлике Бөлдекбаеваның айтуынша, кәуап дайындау үшін 400 килограмнан астам тауық еті пайдаланылған. Кәуаптың ұзындығы 223 метр 65 сантиметрді құрайды.

«Шараға Гиннестің әлемдік рекордтарын ұйымдастырудағы ресми төреші Паулина Сапинская қатысып, арнайы сертификат тапсырды», деп жауап қатты Мәлике Бөлдекбаева.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде