Атырау облысында жол апатынан екі жігіт көз жұмды
Тергеу жұмыстары басталып кетті.
02:13 29.09.2018
Атырау облысында болған жол-көлік оқиғасынан екі жас жігіт қайтыс болды. Қайғылы оқиға Жылыой ауданының Құлсары қаласында орын алған. «КамАЗ» жүк көлігі «Lada Priora» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көліктің 21 жастағы жүргізушісі мен 22 жастағы жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған деректі растады. Жол апатының нақты неден болғаны белгісіз.
Апат туралы алғашқы хабарлардың бірі әлеуметтік желіде тараған. Қазіргі таңда жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!