ФОТО: Балық зейнеткердің тамағын кесіп жіберді
Балық аулауға барған әйел тамақ жарақатын алып, көп қан жоғалтқан.
13:17 29.09.2018
Австралияда 65 жастағы зейнеткер Белинда Бингхем күйеуімен балық аулауға барған. Осы сәтте бір балық әйелдің тамағын орып жібереді.
Судан бір метрлік скумбрия шығып, әйелдің мойнын кесіп жіберген. Салмағы 10 келі балықтың соққысынан зейнеткер қайықтың ішіне құлап, көп мөлшерде тамағынан қан кеткенін көреді. Күйеуі әйеліне жүгіріп келіп, алғашқы көмекке жүгінеді. Ол төтенше жағдайларды уақытында шақырды.
Аурухананың айтуынша, жарақат соншалықты терең болған, ол қалқанша безіне дейін жеткен. Белинда өлім мен өмір арасында бір-ақ қадамда болған. Ал судан секіріп шыққан балық сол қайықта қаза тапқан. Алайда ерлі-зайыптылар оны жеуден бас тарқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!