Араны өлтірген ер адам сотталды
Жәндіктер фермердің кесірінен қайтыс болған.
15:34 29.09.2018
Австрия соты 47 жастағы ер адамды аралар табын жойғаны үшін бас бостандығынан айыру жазсын тағайындады. Каринтия провинциясында фермер аралар гүлден бал жинайтын уақытта ағаштарын тозаңдандыру үшін қауіпті пестицидтер сепкен. Ол гүлдерге арнайы арналған, ал араларға кері әсерін береді.
Салдарынан көршілеріне тиесілі шамамен 50 ара табыны қырылып қалған. Фермер барлық тағылған кінәні толықтай мойындады.
Сот шешімі ер адамды бір жылға бас бостандығынан айырып, 20 мың еуро айыппұл төлеуге міндеттеді. Сот шешімі ел эоклогиясына мұқият болуды атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!