{metadescription}

Роналдуға қыз зорлады деген айып тағылды

Танымал футболшы Криштиану Роналдудың басы дауға қалды. 

Американдық Кэтрин Майорга португал футболшысы Криштиану Роналду тоғыз жыл бұрын Лас-Вегас қаласында оны зорлағанын, неміс журналы Der Spiegel-ге айтқан. Майорганын айтуынша, бұл оқиға 2009 жылы орын алған.

Шетелдік БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, Роналду қызға болған жағдай туралы жақ ашпау үшін 375 мың доллар төлеген. Ал Роналду болса, төсек қатынасының екі жақтың қалауымен жүзеге асқанын айтады. Оның сөзінше, қыз бұндай қадамға ақша табу үшін барып отыр.

Skudetto Sports өзінің әлеуметтік желісіне Роналду мен Кэтриннің Лас-Вегастағы би кешінің бірінде түскен суреті мен қыздың болған оқиға туралы айтқан мәлімдемесін жариялады. Ендігі Криштиану неміс журналын өзінің жеке өмірі жайлы  ақпарат жариялағаны үшін сотқа бермекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде