{metadescription}

БҚО-да жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, бір адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жеңіл авотокөлік пен автобус түйісіп, салдарынан бір адам көз жұмды.

Оқиға 29 қыркүйек күні түс ауа Орал-Атырау күре жолы бойында, Ақжайық ауданы аумағында орын алды. Куә болғандардың айтуынша, «Мерседес» көлігі мен Атырауға жеткізілмек болған жаңа автобус соқтығысқан. Сондықтан онда жолаушылар болмаған.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты салдарынан «Мерседестің» жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды, жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

«Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде», - деді ІІД-ден.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде