Қазақстандық боксшы қарсыласын уақытынан бұрын жеңді
Қазақстандық боксшы Ержан Залилов кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне қол жеткізді.
12:35 30.09.2018
Бұл туралы боксшы өзінің Инстаграм парақшасында бөлісті. 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы - 38 жастағы ресейлік боксшы Александр Салтыков.
Жекпе-жек Ресей астанасы Мәскеуде өтті. Кездесу 8 раунд деп жоспарланған болатын. Алайда, төртінші раундтан кейін Салтыков айқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық 11-ші мәрте жеңіске жетті. Оның бесеуі - мерзімінен бұрын жеткен жеңістер.
Одан бөлек, Залилов бокстағы мансабында бір рет жеңіліп, бір рет тең түскен болатын. Ал Салтыковтың қоржынында 12 жеңіс, 55 жеңіліс бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!