Әйелімен ұрысып қалған астаналық 5-қабаттан секірмекші болды
Астанада тұрмыстық ұрыс-керіс салдарынан ер адам 5-қабаттың балконынан секірмек болы.
13:54 30.09.2018
Оқиға 29 қыркүйекте Астанада орын алған.
«Сағат 16:00-де 102 пультіне Қобыланды батыр көшесіндегі үйдің балконының сырт жағынан ер адамның секірмек болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына полицейлер келіп, ер адамды ішке тартып алды», - деп хабарлады департаментте.
Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп, ер адамды үйіне кіргізген. Кейін 40 жастағы ер адам мен оның әйелін оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізді.
Тексеру барысында анықталғандай, жанжал кезінде әйелі ерінің пәтерден шықпауы үшін есікті кілттеген. Ұрыстан кейін ер адам әйелінен пәтерден шығаруын өтінген, олай болмаған жағдайда секіретінін айтқан. Ер адам балконға шығып, шарбақ арқылы сыртқа асып түскен. Жұбайларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Аталмыш факті бойынша, психиатриялық ауруханадан дәрігерлер шақырылып, оны әрі қарай тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!