Жоғалғанына 15 күннен асқан үш баланың анасы әлі табылмады
Ирали Камышованың жоғалғанына 16 күн болды.
16:00 30.09.2018
Алайда үш баланың анасынан әлі дерек жоқ. Жоғалған әйелдің күйеуінің айтуына қарағанда оны іздеуге жергілікті полицейлер, жақын туыстары мен достары атсалысып жатыр.
"ІІД атты полицейлерді де іске қосты. Оны табу үшін әр күн таңертең іздеуге аттанамыз. Алайда ешқандай дерек жоқ. Мен тіпті не ойлауды да білмеймін. 16 күн өтті. Үмітсіздік пен шарасыздықтан, бағытсыздықтан өткен қасірет жоқ екен. қаладағы барлық дүкенді аралап шықтым, көшеде жолыққандардың барлығынан сұраймын. Ешкім көрмеген, ешкім ешқандай мәлімет білмейді" - дейді Иралидің күйеуі Дмитрий.
Оның айтуына қарағанда, ол күн сайын қала көшелерінен әйелін іздеуге шығады. Және барлық жерге жоғалған әйел туралы ақпаратты таратумен жүр.
Естеріңізде болса 13 қыркүйек күні Оралда үш баланың анасы, 38 жастағы әйел адамның жоғалып кеткені хабарланған болатын. Әйелді соңғы рет Селекционный аумағындағы "Трио" азық-түлік дүкенінің сатушысы көрген. Әйелдің үстінде түрлітүсті футболкасы, қоңыр дженси шалбары, аяғында кроссовкиі болған. Ирали Камышованы үйде күйеуі және үш баласы күтіп отыр. Балаларының кішісі 8 жаста. Туыс туғандары кімде-кім суреттегі әйелді көріп-білген болса, хабарласуын өтінеді. 87057610488 Дмитрий
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!