{metadescription}

Әйгілі теннисші Серена Уильямс жалаңаштанып ән айтты

37 жастағы спортшы австралиялық The Divinyls I Touch Myself тобының әнін шырқап, бір қолымен төсін жауып тұрған.

Әйгілі теннисші Серена Уильямс сүт безі обырымен күресуге бағытталған Touch Myself Project науқанын қолдау мақсатында жалаңаш ән айтып, видеосын өзінің Instagram-парақшасына жүктеді.

Бұл әнді ол кездейсоқ таңдамаған. Аталған топтың бұрынғы әншісі Кристина Ампфлетт 53 жасында сүт безі обырынан қайтыс болған еді. Ол қатерлі ісікпен 2 жыл бойы күрескен.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

This Breast Cancer Awareness Month I’ve recorded a version of The Divinyls global hit “I Touch Myself” to remind women to self-check regularly. _ Yes, this put me out of my comfort zone, but I wanted to do it because it’s an issue that affects all women of all colors, all around the world. Early detection is key - it saves so many lives. I just hope this helps to remind women of that. _ The music video is part of the I Touch Myself Project which was created in honor of celebrated diva, Chrissy Amphlett, who passed away from breast cancer, and who gave us her hit song to remind women to put their health first. The project is proudly supported by @BerleiAus for Breast Cancer Network Australia. _ Visit the link in my bio to find out more. #ITouchMyselfProject #BerleiAus #BCNA #DoItForYourself

Публикация от Serena Williams (@serenawilliams)

 

Осылайша, Серена Уильямс барша әйелдерді денсаулығына бейжай қарамай, тұрақты түрде дәрігер тексеруінен өтуге үндеді. 

"Иә, мұндай әрекетке бару маған оңай болған жоқ. Алайда, мен шешіндім, өйткені аталған проблема әлемдегі кез-келген әйелге қатысты. Егер ауруды дер кезінде анықтай алса өміріңді құтқарып қалу мүмкіндігі де артады. Сондықтан, барша әйелге осыны жеткізгім келді", - деп жазды Уильямс.

Айта кетейік, сүт безі обыры әлемдегі әйелдер арасындағы ең көп таралған аурудың бірі.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде