Алматыда троллейбус өртенді
Алматы қаласында троллейбустан өрт шықты.
01:00 01.10.2018
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. Анықталғандай, өртенген троллейбус № 7 бағдарда жолаушыларды тасымалдаған.
«30 қыркүйек күні сағат 18.17-де Түрксіб ауданы, «Алматы-1» стансысы вокзалының алдындағы алаңда троллейбус сымдарының үзілуі салдарынан электронды таблоның қысқа тұйықталуы болды. Жалын өрт сөндірушілер келгенше ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 5 адамы мен 1 техникасы барды», - деді ресми өкіл.
Жанып жатқан жолаушылар көлігінің видеосын оқиға куәгерлері әлеуметтік желіге жүктеуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!