ВИДЕО: Ұлан Төлеғазыұлы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды
Қытайда туып өскен қазақ боксшы Ұлан Төлеғазыұлы (8-3-1,4КО) кәсіпқой бокста әлем чемпионы атанды.
Фото: sohu.com
01:00 03.10.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қытайлық sohu.com спорт порталының хабарлауынша, Ұлан Төлеғазыұлы Қытайдың Хунань провинциясы Чанша қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде, жеңіліп көрмеген филиппиндік боксшы Жаил Раквинэлмен (10-0-1,7КО) 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.
Сондай-ақ, қандасымыз ең жеңіл салмақта (50.8кг) WBC күміс белдігінің (World Boxing Council Silver Flyweight Title) иегері атанып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!