Ирактың жаңа президенті сайланды
Күрдістан патриоттық одағынан кандидат Бархам Салех Ирактың жаңа президенті болып сайланды.
08:19 03.10.2018
Отырысқа парламенттің 329 депутатының 301-і қатысты. Республика парламентінде өткен сайлау қорытындысы бойынша, Салехке 165 депутат дауыс берді.
Дауыс беру барысын As Sumariya телеарнасы тікелей эфирден көрсетті. Бағдадтан түсіп жатқан ақпаратқа сәйкес, жаңадан сайланған көшбасшы алдағы таяу уақытта елдің Жоғарғы федералды соты және парламентшілері алдында ант қабылдайды.
Салех қолға алатын алғашқы міндет - премьер-министрді тағайындау және үкіметті жасақтауға мандат беру.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!