WhatsApp-та жарнама пайда болады
WhatsApp әлеуметтік желісінің жаңартылған нұсқасында жарнама пайда болады.
10:54 03.10.2018
Жарнама WhatsApp қолданушыларына келіп жетті. Жарнамада қысқа видеолар мен фотосуреттер көрсетіледі.
Өзге желілердегідей арнай берілген уақыттан кейін оны өткізіп жіберу мүмкіндігі болады. Желі қолданушыларына бұл жаңалықты WABetaInfo компаниясының инсайдерлары, iOS қосымшасында жарнама пайда болады деп хабарлаған еді.
Сондай-ақ, басылымның мәліметінше WhatsApp жарнаманы белсенді түрде шығаратын Facebook әлеуметтік желісінің меншігінде екен. Бүгінгі күні WhatsApp қолданушыларының саны 450 миллион адамнан асады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!