{metadescription}
Алматыда «Оңай» картасы қымбаттады

Алматыда «Оңай» картасы қымбаттады

Қоғамдық көлікте жолақысын төлеуге арналған «Оңай» картасының бағасы 100 теңгеге қымбаттады.

Алматы көлік холдингіндегілер картаның өзіндік құны 425 теңгеден жоғары екенін айтты. Бүгінгі күнге дейін 2 млн 11 мың карта жасалған. Қалада 1,5 млн адам тұрады, оның 40%-ы ғана қоғамдық көлікті пайдаланады.

«Оның өзіндік құны 425 теңге, бұл оны жүзеге асыруға кететін қаражаттан көп. Бұрында карта 320 теңге тұрған, оған қоса бір рет тегін жүруге болатын. Енді карта бағасы 420 теңге болады және қосымша бір реттік тегін жүру бар. Негізінде, есептеу нәтижесі бойынша картаның бағасы 505 теңге болуы тиіс. Бірақ 505 теңгеге сатқан ыңғайсыз, сондықтан бағаны ықшамдадық», - дейді «Алматы қаласы Көлік холдингі» ЖШС-нің (электронды билеттендіру жүйесінің операторы) директоры Самир Хамраев.

Айта кетейік, Алматы автобустарында жолақыны SMS, банк картасы, NFC технологиясы бойынша, Homebank мобильді қосымшасының QR-кодтары арқылы және «SMSBus пассажир» мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде