{metadescription}
Тұмауға қарсы екпені қазан айында алу керек

Тұмауға қарсы екпені қазан айында алу керек

Тұмауға қарсы иммуниттің қалыптасуы үшін екі-үш апта керек.

Сондықтан қазан айының басында екпе алған дұрыс. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина мәлім етті.

11 қазанда басталатын эпидемиялық маусым 1 сәуірдің соңына дейін жалғасады. Болжамға сәйкес, Қазақстанда тұмаудың A (H1N1) - Мичиган, A (H3N2) - Сингапур және B - Колорадо вирус штаммдары тіркеледі деп күтілуде. Олардың ең қауіптісі «Сингапур» тұмауы, себебі бұл штаммға қарсы халықта иммунитет  қалыптаспаған және  вирус тез таралуы мүмкін.  Аталмыш штаммдар ағымдағы маусымда қолданылатын вакцинаның құрамына енгізілген. А (H1N1) штаммына қарсы елімізде халықтың 20 пайызында ғана иммунитет бар» - дейді Ирина Сорокина.

Спикердің айтуынша, 2018 жылы жергілікті бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 58 мың 968 дозасы сатып алынған. Бұл мақсатқа   51 млн 580 мың теңге жұмсалған. Екпе облыстық қоймадан өңірдің медициналық ұйымдарына жиі ауыратын, созылмалы аурулары бар, балалар үйі, сәбилер үйіндегі балаларға, қарттарға, медициналық қызметкерлер мен жүкті әйелдер үшін жеткізілді.

«Вакцинадан басқа, адам көп жиналатын жерлерде жүруден аулақ болу,  қоғамдық көлік пен даладан келген соң қолды сабынмен жуу,   ғимараттарды жиі желдету, үйді жиі тазалау, С витамині бар тағамдарды көбірек тұтыну қажет екенін естен шығармаған дұрыс. «Гриппол +»  шамамен 1500-2000 теңге тұрады. Балаларды алты айдан бастап егуге болады. Кейбіреулер  жиі ауырған жағдайда екпе алудың қажеті жоқ деп ойлайды. Керісінше, екпе алмаған жағдайда барлық созылмалы ауру қозғалады. Әзірге тұмауға шалдыққандар жоқ. Жыл бойы өткір респираторлық вирусқа бақылау жүргізіледі. Әдетте тұмаудың алғашқы оқиғасы желтоқсан айында  тіркеледі»,  - дейді санитарлық бас дәрігер.  

Дереккөз: pavlodarnews.kz

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде