Президентке арызданбақ болған кәсіпкер соққыға жығылған
Өзбекстанның Қашқадария облысы Касан ауданы әкімі Бахтияр Раджабов жергілікті кәсіпкер Фазилат Нормурадованы президенттің көшпелі қабылдауына шағымданғаны үшін, халық алдында соққыға жыққан.
10:30 05.10.2018
Кәсіпкердің сөзінше, бастапқыда Раджабов оны балағаттаған, кейін қылқындырып, аяғымен тепкен. Қасан ауданы базарында сауда жасайтын 49 жастағы Фазилат Нормурадова 11 қыркүйекте аудан басшысы Бахтияр Раджабов өзін соққыға жықты дейді. Сол күні ауданға президент әкімшілігінің өкілдері барған. Солардың алдында кәсіпкер жер учаскесіне қатысты шағым айтқан.
"Мен халықтық қабылдауға келген кезде, аудан басшысы Бахтияр Раджабов өзінің жұмыс бөлмесінде отырған. Кіре берісте мен оны көріп қалдым да, "Менің шаруам шешіліп жатыр ма, әкімшілік өкілдері келді ма?" деп сұрадым. Ол маған "Сен арызқойсың, президент порталына үнемі хат жазасың" деді. Мен порталдың президент бастамасымен құрылғанын айттым", – дейді Фазилат Нормурадова.
Оның айтуынша, кейін әңгіме далада жалғасқан. Ол мәселесін тағы сұраған. Әкім оны балағаттай бастаған. "Мен де оның балағатына жауап бердім. Ол сол кезде маған жүгіріп келіп, мойнымнан қылқындыра бастады. Бір қолымен тұншықтырып, бір қолымен ұрды. Сырт жақтан адамдар келіп, ажыратып алды. Сосын ол аяғымен мені тепті. Мен арқаммен бетонға құлап түстім",- деді Фазилат Нормурадова.
Әйел кейін көзін ауруханада ашқанын, миы қатты шайқалғанын айтады. Касан ауданы әкімі Бахтияр Раджабов телефон арқылы сұқбатта кәсіпкер әйелді ұрғанын жоққа шығарды. "Бұл әңгіме қайдан шықты? Мен әйелді ұрыппын ба? Менің одан басқа ісім жоқ па екен? Біз жағдай жақсару үшін, күні-түні жұмыс істеп жатырмыз. Мен мазаламаңдар", - деп мәлімдеді шенеунік.
Өзбекстан Бас прокуратурасы Ф. Нормурадованың өтініші бойынша, тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр деп мәлімдеді. Осыған дейін Касан ауданы басшысы Бахтияр Раджабов қарамағындағы қызметкерлерді ұрып-соғады деген шағымдар түскен.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!