{metadescription}
Із-түзсіз жоғалып кеткен табысы ең жоғары актриса табылды

Із-түзсіз жоғалып кеткен табысы ең жоғары актриса табылды

Қытайда үш ай бұрын жоғалып, көпшілікті алаңдатып қойған Фань Бинбин есімді актриса табылды.

Қытайлық жұлдыз билік өкілдерінен өзінің шынайы табысын жасырып, оған тиісті салық төлемегін үшін жазаланған. Актриса 130 млн доллар мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттелді. Қытайлық БАҚ өкілдері дабыл қағып, айыппұл салынатыны туралы ақпарат таратқан соң 37 жастағы актриса үнсіздігін үзіп, ресми мәлімдеме жасауға ұйғарған.

Қытайдың белгілі актрисасы әрі әншісі Фань Бинбинм әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.

«Барлықтарыңыздан кешірім сұраймын. Ел алдында жүргендіктен заңға бағынып, көпке үлгі болуым керек. Коммунист партиясы, мемлекеттің саясаты мен халықтың сүйіспеншілігі болмағанда, Фань Бинбин де болмас еді», - дейді актриса.

Еске салайық, 3 ай бұрын Қытайда ең көп сұранысқа ие актриса Фань Бинбин жоғалып кеткен. 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.