Көлікте ұмытылып қалған бала қаза тапты
Мадридте әкесі бір жастағы қызын көлікте қалдырып кеткен.
14:46 05.10.2018
Әкесі қызын балабақшаға апаруы керек болған. Бірақ жұмысқа асыққан ол баланы көлікте ұмытып кеткен.
Кішкентай қызын көлікте қалдырып кеткені келіншегі хабарласқаннан кейін ғана есіне түскен. Әкесі Санчинарро ауданында көліктің ішінде ұмытып кеткенін әйеліне хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері дереу жеткен. Алайда жедел жәрдем қызметкерлері балақайды өмірге қайтару үшін 45 минут күрескенімен оны аман алып қала алмады. Кішкентай қыз тар кеңістікте болғандықтан, ауа жетіспеген. Қазіргі уақытта ата-анасынан өлімге қатысты жауаптар алынуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!