Оңтүстік Кореяның экс-президенті сотталды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мен Бак сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, 15 жылға сотталды.
15:31 05.10.2018
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Сеул соты оған сонымен қатар 11,5 миллион доллар көлемінде айыппұл салды. Прокуратура бұрынғы президентті 20 жылға соттауды сұраған. Ли Мен Бактің өзі сотқа қатыспады.
76 жастағы Ли Мен Бак Оңтүстік Кореяны 2008-2013 жылдар аралығында басқарған. Биыл көктемде ол Samsung компаниясынан пара алды деп айыпталған. Оған сонымен қатар салық төлеуден жалтарды, билікті теріс мақсатта пайдаланды және сайлау заңын бұзды деген айып тағылған.
Былтыр Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе пара алды және билікті теріс мақсатта пайдаланды деген айыппен 24 жылға сотталған. 2009 жылы елдің экс-президенті Но Ху Мен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталған соң өзіне қол салған. Қазір Оңтүстік Кореяны Мун Чжэ Ин басқарады.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!