Елімізде демалыс күндері қар жауады
Қазақстан аумағы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттар алдағы үш тәулікте оның үлкен бөлігінде жаңбыр тудыратын болады.
16:29 05.10.2018
Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауса, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар түседі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жайма шуақ күндерден кейін ауа райы күрт суытады. Осы демалыста және алдағы аптада дүйсенбі күні – 6-8 қазан – күн әжептәуір салқындайды.
Суық атмосфералық фронттар алдағы үш күнде еліміздің аумағы арқылы өтіп, басым бөлігінде жаңбыр жаууына әкеп соғады. Ал оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!