{metadescription}
Із-түзсіз жоғалған әйелдің мүрдесін табу үшін көлді құрғатып жатыр

Із-түзсіз жоғалған әйелдің мүрдесін табу үшін көлді құрғатып жатыр

Германияда осыдан 25 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған әйелге байланысты қылмыстық іс бойынша  

Остерхольц  ауданы аумағындағы Титьензе  көлін (Төменгі Саксония федералдық жері) құрғату  жұмыстары басталды. Полиция көл табанынан 1993 жылы жоғалған жас әйелдің мүрдесі және оның өліміне себеп болған қару табылуы мүмкін деп есептейді.

Тергеу нұсқасы бойынша  оны күдікті қылмыс жасалардан екі жыл бұрын  әкесінен алған тапаншамен атуы ықтимал. Тергеушілер із-түзсіз жоғалған әйелді онымен бірге тұрған 58 жастағы ер адам өлтіруі мүмкін деп есептейді. Жергілікті полицияның бағалауынша, көлді құрғату небәрі 5 күнге созылады. 

Шамамен 35 миллион литр су көршілес Везер көліне ағызылады. Полицияның іздеу жұмыстары аяқталғаннан кейін суды сорғымен орнына қайта айдайды. Телеарнаның 1994 жылғы ақпаратына қарағанда, бір жылдан кейін балықшылар осы көлден жоғалған әйелдің неке жүзігін тіс пастасын, косметикасын тапқан. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде