{metadescription}
Токиода балық сататын әлемдегі ең ірі базар жабылды

Токиода балық сататын әлемдегі ең ірі базар жабылды

Токиода балық сататын әлемдегі ең ірі базар жабылды.

Жапония астанасында теңіз өнімдері мен балық сататын әлемдегі ең ірі базарды жапты, деп хабарлайды Анадолы агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

 Жабылудың себебі 2020 жылғы Олимпиадаға дайындық болып отыр. Енді бұл жерге астаналық билік көлік қоятын орын салмақ.

Аты аңызға айналған базар 83 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан еді. Бұл орын қыркүйектің аяғында  туристер үшін жабық болса, 7 қазан күні мұнда жергілікті тұрғындарға соңғы рет сауда жасалды. Айта кетерлігі, Цукидзидегі соңғы сауда-саттық 160 келілік тунец балығының 4,38 миллион иенге ( 38 мың доллар шамасында) сатылуымен тарихта қалмақ. Дегенмен «Цукидзи» жоғалып кетпейді, тек жаңа орынға ауысады.

Базар бейсенбі, 11 қыркүйекте Тоёсу жасанды аралында ашылатын болады. Жапония мен Токио символдарының біріне айналған Цукидзиге және оны қоршаған мейрамханаларға күн сайын мыңдаған туристер келуші еді.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде