{metadescription}
ФОТО:Пара Азия ойындары: Еліміздің қоржынында 9 жүлде бар

ФОТО:Пара Азия ойындары: Еліміздің қоржынында 9 жүлде бар

Жакартада өтіп жатқан ІІІ Азия пара ойындарының екінші күнгі нәтижесі бойынша Қазақстан қоржыны тағы 7 медальмен толықты.

 Индонезиядағы пара ойындардың екінші күні спортшыларымыз 4 күміс және 3 қоланы қанжығаларына байлады. Алғашқы күмісті парапауэрлифтинг бойынша 54 келі салмақта Давид Дегтярев иеленсе, кейінгі үш күмісті Зүлфия Габидуллина (50 метрге арқамен жүзу), дзюдодан Азамат Тұрымбетов және 100 метрге еркін жүзуден Дмитрий Ли еншіледі.

Қола медальдарды Сиязбек Далиев (50 метрге арқамен жүзу), Мансұрбек Ибрашев (100 метрге еркін жүзу) және 50 келіге дейінгі пара пауэрлифтингтен Гүлбану Әбдіхалықова олжалады.

Еліміздің қоржынына алғашқы медальды парапауэрлифтингтен Алина Солодухуна (қола медаль) мен пара жүзуден Дмитрий Ли (қола медаль) тарту еткен болатын. 

Осылайша Қазақстанның қоржынында пара ойыннан 4 күміс және 5 қола барлығы 9 медаль бар.

Айта кетейік, ІІІ Азия пара ойындарына әлемнің 43 елінен, 3 мыңнан аса спортшы қатысуда, Қазақстаннан осы жолғы пара ойындарға рекордты көлемде спортшы апарды, атап айтқанда 9 спорт түрінен 91 спортшы. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде