Елімізде сиыр мен жылқы етінің бағасы қымбаттады
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ауыл шаруашылығы өнімдері 1,2 пайызға қымбаттады.
10:00 09.10.2018
Ағымдағы жылғы қыркүйекте 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 1,2, өсімдік шаруашылығы өнімі - 2,2 пайызға қымбаттады, ал мал шаруашылығы өнімі 0,7 пайызға арзандады.
Қаңтар-қыркүйекте баға бидайға 4,4, сұлыға - 4,3, қара бидайға - 3,9, жүгеріге 3,4, күрішке - 2,9, арпаға - 0,8 пайызға өсіп, қарақұмыққа 9,3 пайызға төмендеді.
Қырыққабат 1,8, асханалық қызылша - 0,5 пайызға қымбаттады, ал картоп 8,3, басты пияз - 5,4, асханалық сәбіз - 5, ашық топырақтың қызанақтары - 4,9, ашық топырақтың қиярлары - 2,4 пайызға арзандады.
Баға бақша дақылдарына 6,3, жүзімге - 5,8, күнбағыс тұқымына - 2,2 пайызға өсті, ал жеміс және жидектерге 9 пайызға арзандады. Ірі қара мал еті 3,4, жылқы еті - 2,7, қой және шошқа еті - 1,7 пайызға қымбаттады, ал құс еті 9,5 пайыза арзандады. Баға жұмыртқаға 12,3 пайызға төмендеді, ал шикі сүтке 1,2, балға - 0,5 пайызға өсті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары