Жәнібек Әлімханұлы "Айуан"америкалықпен жұдырықтасуға дайындығын бастады
Жәнібек Әлімханұлы "Айуан" лақап атты америкалықпен жұдырықтасуға дайындығын бастады.
Фото: Суретті боксшының командасы ұсынды
11:00 09.10.2018
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) АҚШ-тағы алғашқы жеңісінен кейін жаттығуға қайта кірісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкадағы екінші жекпе-жек 3 қазан Эль-Пасо қаласындағы бокс кешіне белгіленген. Бұл кездесуде қазақстандық боксшыға қарсылас The Animal - "Айуан" лақап атын иеленген 32 жастағы Вон Александр болады.
Америкалық боксшы кәсіпқой ринте 2004 жылдан бері жұдырықтасып келеді. Бес рет қатарынан жеңіске жеткененн кейін ол 12 жылға түрмеге отырды. Ал рингке тек 2016 жылы оралды. Тағы сегіз жекпе-жекте жеңіске жеткен Александр отандасы Дэнис Дулинге (21-6, 13 КО) ұпай санымен жеңілді.
Әлімханұлы жақында төрешілер шешімімен колумбтялық Карлос Галванды (16-8-1, 15 КО) жеңген. Осыдан кейін оған лақап ат берілді. Алайда боксшының командасы Жәнібекке мұндай никнеймді кім қойғанын білмейтінін және бұл лақап аттың оған қатысы жоғын айтады. Ал алдағы жекпе-жекте боксшының шолақ шалбарында өз аты жазылатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!