"МакГрегор" Нурмагомедовтың үстінен Уфа полициясына арыз жазды
Ресейде ер адам Уфа полициясына өзін ММА файтері ирландиялық Конор МакГрегормын деп атап, ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың үстінен арыз жазған.
Фото: independent.ie
12:25 09.10.2018
Бұл туралы РИА Нововсти сайтына сілтеме жасап Vesti.kz хабарлайды.
Ер адам Нурмагомедовтың өзін сорққыға жыққананы айтып, оны табуды сұраған. Полиция арызды тіркеді.
Алайда, іс ары қарай жүргізілмейтіні анықталды, өйткені оқиға Уфа аумағында емес, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған.
Башқұртстан ІІМ жағдайға байланысты пікір білдіруден бас тартты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!