ФОТО: 28 жастағы қыздың экзема кремі салдарынан беті күйіп, шашы түсіп қалды
АҚШ-тың а Иллинойс қаласының 28 жаасар тұрғыны 10 жыл бойы терінің экзема ауруынан және стероидтық кремнің жағымсыз әсерінен жапа шеккен.
14:10 09.10.2018
Дәрілік крем терісін құрғатып, қабыршақтандырып, артынан шашын түсіріп тастаған соң Нина Айдинді жұрт құбыжық деп атап мазақ қылған, деп хабарлайды The Sun.
Дәрігерлер Нина 10 жаста болғанда стереоидтық крем жазып берген. Дәрі оны экземадан емдеу керек болатын.
Расында да бастапқыда дәрі жақсы көмектесті. Бірақ 17 жасқа толғанда ол дәріні жақпай, біраз үзіліс жасамақ болған. Үзілісте кері әсері шыға бастайды - шашы түсіп, беті қабыршақтана бастаған.
Сөйтіп Нина алты жыл бойы экземаның зардабын тартуда. Бойжеткен жүздеген дәрігерге барып қаралды. Ешқайсысы нақты диагнозын қоя алмай, аталмыш кремді ғана ұсынады.
Бастапқыда бөрткен жері азайып, сосын ол басқа жеріне шыға бастайды.
Белгілі болғаны, егер ол бірнеше апта терісіне тыныштық беріп, ештеме жақпағанда, ағзасы өздігімен қалпына келуші еді. Алайда қыз бетіне кремді күн сайын молынан жаға берген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!