{metadescription}
ФОТО: Хирург науқастың миындағы ісіктің орнына көз жасы безін алып тастапты

ФОТО: Хирург науқастың миындағы ісіктің орнына көз жасы безін алып тастапты

Шотландияда хирург науқастың миындағы ісіктің орнына көз жасы безін алып тастап, оны жасырмақ болған.

Мучта Салем Эль-Джамель есімді дәрігер екі баланың анасы, 50 жастағы науқасқа ота жасағаннан кейін, жаңа пайда болған ісікті тағы да ота жасап алып тастау керек деп өтірік айтқан. 

Қазір науқас Жюль Роуз 61 жастағы дәрігермен соттасып жатыр. Айта кетсек, Мучта Салемнің бұл бірінші қателігі емес, деп хабарлайды Mirror.

2013 жылы Роуз көзіне лазерлі ота жасатқаннан кейін оның басынан қатерлі ісік табылып,  сол жылы тамызда оған Эль-Джамель нейрохирургиялық ота жасапты. Сол уақытта ол дәрігер жұмысындағы жіберген кемшіліктері үшін басшылардың бақылауында болған екен. 

Зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол мықты хирургтың қолынан ота жасаттым деп сеніп, тіпті ауруханадан шыққан соң бірнеше мәрте алғыс жаудырған екен.

Қазір Роуздің көзі құрғап, линзасын таға алмай қалған. Сөйтсе, оның басына ота жасаған дәрігер ісікті алудың орнына, көз жасы безін сылып тастапты. 

Роуз денсаулық сақтау кеңесінің хирургтың қателігінен кейін тағы да ота жасауға қалайша рұқсат бергеніне ашулы.

Ал әзірге тергеу жүріп жатқанда, ол дәрігер  2015 жылы Америкаға көшіп, нейрохирургиялық бизнес ашып алғаны анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.