ВИДЕО: Атақты Рой Джонс қазақстандық боксшы қызға бейнежолдау жіберді
Аты аңызға айналған боксшы кіші Рой Джонс бейнежолдау түсіріп, онда қазақстандық боксшы Фируза Шәріповаға келесі жекпе-жегінде сәттілік тіледі.
17:24 09.10.2018
Ол сондай-ақ боксшы қызбен кездесуге үмітті екенін атап өтті.
«Хэй, Фируза, бұл кіші Рой Джонс. Саған бар жақсылықты тілеймін. Сені сырттан бақылап жүрмін, отбасым да сені жақсы көреді. Болашақта өзіңмен кездесуге үміттімін. Желтоқсанда өтетін келесі жекпе-жегіңде саған сәттілік тілеймін», - деді Рой Джонс өзінің бейнежолдауында.
Еске сала кетейік, кәсіби боксшы Фируза Шәріпова WIBA, WBC Silver, IBO Championship тұжырымдары бойынаш екі салмақ санатында бірқатар чемпиондық белдіктердің иегері. Оның ресейлік Юлия Куценкомен жекпе-жегі кіші Рой Джонстың промоутерлік компаниясының қолдауымен өтті.
Шәріпова өз титулдарының бірін сәтті қорғап шықты. Қазақстандық бойжеткен келесі жекпе-жегін Финляндияда WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстреммен өткізбек. Осыдан кейін ол кәсіби рингте әлем чемпионының толық титулына ие болған жалғыз қазақстандық боксшы әйел атануы мүмкін.
ВИДЕО: AllFight TV
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!