Мас полицей жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті
Астанада полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті.
Фото: Қазақпарат
18:11 09.10.2018
Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ағымдағы жылдың 7 қазанында елордада полиция қызметкері мас күйде жеке көлікпен жолдың бойындағы жаяу жүргінші жолымен келе жатқан адамды қағып кетті. Полицей жүргіншіні қаққаннан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Ал жүргінші ауыр жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
Оның айтуынша, сол күні жол апатын жасаған полицей анықталып, ұсталған. Сонымен қатар. оның ішкі істер органдарында қызмет ететіндігі және зардап шеккен адамды оқиға орнында тастап кеткендігі ескеріліп, сот санкциясымен 2 айға тұтқынға алынған.
«ҚР ҚК 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ішкі қызметтік тексеру жүргізу белгіленді. Оның нәтижесінде аталған полиция қызметкерінің басшылары да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тіпті қызметтерінен де шығарылуы мүмкін», - деді Алмас Садубаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!