ВИДЕО: ІІМ қызметкері парақорлық қылмысы бойынша күдікке ілінді
ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары парақорлық қылмысы бойынша күдікке ілінді.
Фото: ҚазАқпарат
19:00 09.10.2018
Бұл туралы Астанада өткен брифингте Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы, Қарағанды, Қостанай және Қазақстанның өзге де облыстарында «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені» ЖШС-нің өңірлік басшыларына дизель отынын жымқыруда лауазымды тұлғамен жалпы қамқорлық жасау дерегі анықталған. Тергеумен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы ай сайын «ҚТЖ»Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені» ЖШС-нің жанармай қоймасында сақтауда тұрған дизель отынын жымқырғандығы анықталды», - деді реми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, дизельдік отынды жымқырудың бірнеше фактісі тіркелді. Залалдың жалпы сомасы анықталуда.
«Ағымдағы жылғы шілде - қыркүйек айлары аралығында Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары серіктестіктің өңірлік басшыларынан бірнеше рет қаморлығы үшін жалпы сомасы 2,4 млн теңге пара алып отырған. Ағымдағы жылғы 5-6 қазанда Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені» ЖШС-нің Қостанай бойынша филиалының директоры, сондай-ақ осы серіктестіктің отын қоймасының директоры сот санкциясымен қамауға алынды», - деді Жанна Бастарова.
ВИДЕО: АДГСПК РК
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!