{metadescription}
Алик Шпекбаев бір қорап кәмпиттің де пара екендігін ескертті

Алик Шпекбаев бір қорап кәмпиттің де пара екендігін ескертті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметкерлерге орынсыз «сыйлықтар жасаудың» қайда апарып соғатындығын ескертті.

«Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттемелерін атқарғаны үшін кез келген формада сыйлықтар беруге тыйым салынғандығын тағы да ескертемін. Егер сыйлықтың құны 2 айлық есептік көрсеткіштен (4 810 теңге) төмен болса, беруші үшін 200 АЕК әкімшілік айыппұл көзделген. Алушы үшін - 600 АЕК белгіленеді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы пара болып бағаланады және қылмыстық жауапкершілікті көздейді», - деп жазды Алик Шпекбаев Фейсбуктегі парақшасында. 

Ұлттық бюро басшысы агенттік жұмысындағы басымдықтардың бірі - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою екеніне тоқталып, оған қоғамдық бақылау жасау қажеттігін айтып өтті. Сол сияқты орынсыз сыйлық берудің соңы немен аяқталатынына мысал да келтірді.

«Мысал келтіре кетсем, Алматы қаласындағыАлмалы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасына бейрезиденттің ЖСН алу үшін жүгінген азамат басқарма қызметкеріне 2 мың теңге ұсынған. Нәтижесі - 200 АЕК айыппұл немесе 481 мың теңге. Осыған ұқсас, Солтүстік Қазақстан облысында алкогольге берілген лицензияны қайтарғаны үшін қорап кәмпит сыйлаған, нәтижесі жарты миллион теңге айыппұл төлеумен аяқталған», - деді ол.

Сөз соңында А.Шпекбаев мемлекеттік қызметкерлерге 2 мың теңге үшін 240 есе көп төлеуге тура келетін орынсыз «сыйлықтар жасаудың» қайда апарып соғатындығын ойлану әлдеқайда маңызды мәселе екенін ескертті. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде