Елбасы Ватикан Папасының кеңесіне сыйлық табыстады
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін берілетін Съездің бірінші сыйлығын Ватикан папасының кеңесіне табыстады.
10:27 11.10.2018
Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бәрін Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру үшін ұсынған іс-қимылдарын қолдауға шақырды, - деп хабарлайды Ақорда.
– Қазақстан алдағы уақытта да бар күш-жігерін өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге жұмылдыра береді. Айтылған бастамаларды бірлесе жүзеге асыру үшін Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөнінде орталық құруға дайынмын, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін берілетін съездің бірінші сыйлығын Ватикан папасының кеңесіне табыстау жөнінде шешім қабылданғанын делегаттарға хабарлады. Соңында Қазақстан Президенті съезд делегаттарының бәріне ашық та сындарлы диалог рухында табысты жұмыс істеуіне ниеттестік білдірді. Пленарлық отырыс аяқталған соң Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім музейінің экспозицияларын аралап көрді.
Сондай-ақ, ҚР Президентінің Жарлығымен "Ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің биік мақсаттарын ілгерілетуге белсене қатысқаны үшін" және "Дінаралық диалогты нығайтуға қосқан аса көрнекті үлесі үшін" бірқатар діни басшылар марапатталды. Соңында Қазақстан Президенті съезд делегаттарының бәріне ашық та сындарлы диалог рухында табысты жұмыс істеуіне ниеттестік білдірді. Пленарлық отырыс аяқталған соң Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім музейінің экспозицияларын аралап көрді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!