ФОТО: Қалыңдық той күні сүйіктісінің қабіріне барды
АҚШ-тың Индиана штатында бойжеткен үйлену тойына аз қалғанда сүйіктісінен айырылып қалған.
Фото: life.ru
11:45 11.10.2018
Қыз өздерінің үйлену тойларын белгілеген күні қалыңдық көйлегін киіп, сүйіктісінің бейітіне барған. Осы күні ол көптен күткен «Мен келісемін» деген сөзді айту керек болатын. Алайда, ол қабір басына барды.
Джессика ақ көйлегін арнайы киіп, сүйіктісі Кендалла Джеймса Мёрфидің алдында тізе бүгіп, көз жасына ерік берді. Өрт сөндіруші болып жұмыс істеген 27 жастағы ер адам көлік апатынан қайтыс болған. Деректерге сүйенсек, ішімдік ішіп алған әріптесі оны көлігімен қағып кеткен.
Ең соңында, қалыңдық туыстарымен және жақын достарымен бірге аспан шамдарын ұшырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!