{metadescription}
Ғалымдар қанша адамның түрін есте сақтауға болатынын анықтады

Ғалымдар қанша адамның түрін есте сақтауға болатынын анықтады

Зерттеушілер ең кем дегенде қанша адамның түрін есте сақтауға болатынын да есептеді.

АҚШ зерттеушілері максималды көрсеткішті емес, орташа есепті анықтауға тырысса да, адам сенгісіз нәтижеге қол жеткізді, деп жазады The Guardian. Йорк Университетінің ғалымдары адамның жадында қанша тұлғаның түр-келбеті сақталады деген сұраққа жауап іздеп, зерттеу жүргізді.

Олар анықтаған цифрлар таңғаларлық – орташа есеппен адам бес мың кісінің түрін есте сақтай алады екен. Ғалымдар қатысушыларды жинап, түр-келбетін жақсы білетін адамдардың тізімін жасауға тапсырма берді. Бастапқыда олар достарын, жақындарын, әріптестері мен бұрынғы сыныптастарын санап шығуы тиіс еді. Бұл тапсырмаға бір сағат беріліпті.

Ең төменгі нәтиже – 1000 адам. Ең жоғарғы көрсеткіш – 10 000. Ғалымдардың айтуынша, 10 000-ның өзі шектік мән емес, адамның есте сақтау қабілетіне байланысты одан да асып түсуі ықтимал.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде