{metadescription}
Шымкентте 56 жастағы ер адам 7 жасар қызды зорлады

Шымкентте 56 жастағы ер адам 7 жасар қызды зорлады

Шымкентте көршісінің 7 жасар қызын зорлаған 56 жастағы ер адам ұсталды.

Оқиға болған күні 2011 жылы туған қыз бала апасының қарауына қалдырып кеткен. Ал әке-шешесі жұмыста болған. Сыртта ойнап жүрген қыз баланы байқап қалған көршісі арам пиғылын іске асыру үшін оны үйіне әкелген.

Күдіктінің өзі бұл іске алкогольді ішімдік ішіп, яғни мас халде барғанын айтуда. Ол ҚР ҚК нің 121-бабы, 4-ші бөліміне сәйкес кәмелетке толмаған балаларға жыныстық сипаттағы азғындық жасағаны үшін айыпталып отыр. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіні тергеу кезінде қамауға алу туралы санкция берген. 

56 жастағы күдікті ер адам бұрын сотты болмаған. Отбасылы, перзенттері жоқ. Зорлық әрекетін жасаған уақытта зайыбы жұмыста болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде