Шымкентте жол апатынан 7 адам зардап шекті
Екі автокөліктің жүргізушілері оқиға орнынан Шымкенттің ауруханасына жатқызылды.
16:36 11.10.2018
Апат қазанның 9-ынан 10-ына қараған түні болған, деп хабарлайды Otyrar.kz.
«Бірқатар сараптамаларды тағайындады. «Mercedes» пен «Toyota Camry» соқтығысып, салдарынан 2 жүргізуші мен 5 жолаушы ауыр жараланды. Олардың барлығы Шымкент қаласының жедел жәрдем ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергу жүргізіліп жатыр», - дейді Шымкент қаласы ІІД-нің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова.
Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары мен тергеушілер жұмыс істеді. Куәгерлердің айтуынша, автомобильдерді қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!