Қазақстан ІІІ Азия Параойындарда бесінші алтын алды
Қазақстан 2018 жылғы Азия Параойындардың бесінші алтынын иеленді.
17:34 11.10.2018
Индонезияда өтіп жатқан жарыста жүзуші Дмитрий Ли 400 метрді еркін стильмен төрт минут 29,17 секундта жүзіп өтті. Осылайша, Қазақстан қоржынында биылғы Азия Параойындардың 27 жүлдесі бар - 5 алтын, 11 күміс және 11 қола.
Еске сaлайық, Алғашқы қола медальді әйелдер арасындағы пара пауэрлифтинг бойынша 66 келі салмақта Алина Солодухина олжалады. Арасын суытпай екінші қол медальді 100 метрге паражүзуден Дмитрий Ли қанжығасына байлады. 4-алтын медальды пара жүзуші Ержан Сәлімгереев ерлер арасындағы S6 санатында 50 метрге еркін жүзуден жеңіп алды.
Дереккөз: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!