Қазгидромет бірқатар өңірде ескерту жариялады
Ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірқатар өңірде ескерту жариялады.
18:18 11.10.2018
Синоптиктердің мәліметінше, 12 қазан күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Орал қаласында 12 қазанда солтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с артады. Ақтөбе облысында 12-13 қазан күндері ауа температурасы 10 градус жылы болады. Түнде үсік жүреді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жетеді. Облыстың солтүстік аудандарында қар аралас жаңбыр жауады. 12 қазанда Ақтөбеде өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.
12-13 қазан күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, 13 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын болады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 3-10 градус нөлден жоғары болады. Астана қаласында 12 қазанда күндіз және 13 қазанда жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласуы мүмкін. 12 қазанда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады
13 қазанда Кызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 23-28 м/с артады. Кей жерлерде 30 м/с және одан аса екпінде соғады. 13-14 қазан күндері Түркістан облысында, 14 қазанда Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын жауады. Таулы аймақтарда жауын-шашын қатты болатыны (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. 13 қазанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с және 30 м/с жететіні болжанады. 14 қазанда күндіз ауа температурасы +5+10 градус болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!