{metadescription}
Қостанайда жеңіл көлік өртеніп кетті
Жеңіл көлік отқа оранды.
12:37 14.10.2018
Қайырбеков көшесіндегі №369 үйдің ауласында көлік өртенді.
Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хабарламасында оқиға 12 қазан күні, сағат 02:32-де болғаны жазылған. ВАЗ 2112 маркалы көліктің іші мен мотор бөлігі өртенген.
«Өрт сағат 02:49-да ауыздықталып, 03:13-те толық сөндірілді. Ешкім құрбан болған жоқ және зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!