{metadescription}
Алматыда автобус бағыттары өзгерді

Алматыда автобус бағыттары өзгерді

Алматыда бірқатар автобус маршруттары жабылып, өзгертілді.

Бұл өзгерістер Citybus мобильді қосымшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атап айтқанда, 49-маршрут кестеден алынып тасталды. Ал 34-маршруттың қозғалысы өзгертілді. Ендіге кезекте жолаушылар Орбитаға дейін жетпейді, Мега-орталық жанындағы Қожабеков көшесіне дейін жетіп тоқтайды. Сонымен қатар, 73-маршрут бағыты ұзартылды. Енді 73-автобус Балтабаев көшесінен Алматы-1 вокзалына дейін баратын болады.

№11 автобус маршруты «Асыл Арман» шағын ауданынан бармайды, оның орнына 16 маршрут қызмет етеді. «49-маршрут 11 маршрутты қайталайтын болған соң алынып тасталды. Ал 11-маршрут автобустары енді Абай саяжайларына дейін ғана қатынайтын болады»,- деді баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде