{metadescription}
Никол Пашинян отставкаға кетті

Никол Пашинян отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға өтініш берген. Пашинян бұл туралы Армян қоғамдық телевидениесінің эфирінде айтты.

Арменпресстің хабарлауынша, кеше Армения Президенті Армен Саркисян үкіметтің отставкасын қабылдады. Премьер-министр Н.Пашинян отставкаға кету ниетін бұрын France24-ке берген сұхбатында да айтқан болатын. Сұхбатта ол үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу мақсатында ел Парламентін тарату бастамасын көтеру үшін 15 қазанда отставкаға кететінін айтқан.

Отставкаға кетуі мүмкін екендігін Пашинян 2 қазанда Еревандағы митинг кезінде мәлімдеген. Сол кезде Арменияның Ұлттық жиыны депутаттарды таратуды қиындататын заң қабылдаған еді. Мерзімінен бұрын сайлау өткізу - Пашинянның Арменияда көктемдегі толқулары кезінде берген уәделерінің бірі еді. Парламенттегі ең үлкен фракция әлі күнге дейін Республикалық партияға тиесілі. Бұл партияны Пашинянға дейін премьер болған Серж Саргсян басқарады.

Никол Пашинян Армения үкіметін 8 мамырда басқарды. Ол бұл қызметке жаппай наразылық шерулерінен соң келді. Халық наразылығы елді он жылдан астам басқарған Серж Саргсянды биліктен бас тартуға мәжбүрледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде