ФОТО: Спортшы қыздың жарты бетін ісік жайлап кетті
Бразилиялық спортшы ММА-де алғашқы жекпе-жегін сәтсіз аяқтады.
17:21 17.10.2018
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Favela Combat 30 аумақтық промоушн турнирінде оқыс жағдай болды. Муай-таймен айалысқан Жанаина Суарес аралас жекпе-жекте күш сынап көрмек болып, Ванесса Гонсалвешпен жұдырықтасты. 29 қыркүйекте болған жекпе-жек техникалық нокаутпен аяқталды.
Екінші раундта Гонсалвеш қарсыласын шынтақпен ұрғандықтан, қыздың беті 15 сантиметрге ісіп кеткен. Ісік қыздың бір көзін жауып қалған. UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Джонни Хендрикстің бапкері Стивен Райт мұндай жарақатты бұрын-соңды көрмегенінн айтады. Алайда медициналық тексерістен кейін Суарестің денсаулығына айтарлықтай зиян келмегені анықталды.
"Жекпе-жектің ертесінде Жанаина колледжде емтихан тапсырды. Оның көзі ашылды, бас сүйегіне зақым келмеген. Ісік - шынтақпен соққы салдары, бірақ, бәрі дұрыс", - дейді қыздың бапкері Лукас Чагас.
20 қазанда Суарес қайтадан жұдырықтасады екен. Алайда оның жекпе-жектен кейінгі суреті мазаққа айналды.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!