Назарбаев Финляндия Президентімен кездесті
Ресми кездесу рәсімінен кейін мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізді.
17:50 17.10.2018
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Еуропалық одақпен ынтымақтастықты тереңдету туралы шартқа қол қойғанын және осы ретте Финляндия тарапының ең бірінші болып қолдағандығын атап өтті. Мемлекет басшысы Финляндия Республикасының Президентіне дәстүрлі қонақжайлығы үшін ризашылық білдіріп, екі елдің өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырудағы ұстанымдары мен тәсілдері бірдей екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
«Финляндия мен Қазақстан – сенімді серіктес ретінде танылған мемлекеттер. Сіздің елде жақында ғана өткен АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей Федерациясының Президенті Путиннің маңызды кездесуі – соның жарқын мысалы. Қазақстанда да осындай іс-шаралар, соның ішінде Сирия шиеленісін реттеу жөніндегі келіссөздер өткізіліп келеді. Бізде әртүрлі мәселелер талқыланады. Мұның бәрі біздің мемлекеттеріміздің барлық елдермен жақсы қарым-қатынас ұстанып отырғанының арқасында болып отыр. Біздің елдеріміз көрші мемлекеттермен шиеленіске ұрынған емес», – деді Қазақстан Президенті.
Кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Финляндия бизнесмендері 600 млн доллардың келісімшартын жасасқан атап өтті. Сапар аясында Мемлекет басшысы кеше фин бизнес капитандарымен жүздесті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!