Түркістан облысында 8 автокөлік қарға батып қалған
Қарашаның орта шеніне дейін жайма шуақ болып тұратын ауа райы күнгейде биыл қытымыр мінез танытып тұр.
18:30 17.10.2018
Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының аумағындағы облыстық маңызы бар Ащысай асуында 8 автокөлік қарға батып қалған. Көліктер мен 40 жолаушы қар құсауынан құтқарылды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Ал Түлкібас ауданындағы Шақпақ ауылы арқылы өтетін Алматы-Термез тасжолында көктайғақтан ауыр жүк көліктері жолдан шығып кетіп, салдарынан көлік тығыны орын алған. Тасжолдағы көлік ағынын реттеуге 3 сағат уақыт кетті.
Қара суық бірден түсіп жұртты әбіржітіп тастады. Қыстың қамына қарашада ғана қамдана бастайтын күнгейліктерге бұл жағдай алғашында тосын көрінгені де рас.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!