Кәріз құдығынан мыңдаған әмиян, жеке құжат пен банк карточкалары шықты
Филиппин елінің санитарларлық қызметі көшедегі кәріз арығын тазалаған кезде лайдың ішінен мыңдаған әмиян, жеке құжаттар мен банк карточкаларын алып шықты.
01:00 19.10.2018
Жол бойындағы арық суының жүрмей қалғандығынан олар кәрізді ашып тазалауға мәжбүр болды. Сөйтсе, көше алаяқтары ұрлаған әмияндарың ішінен ақшаны алып, банк карточкалары мен портмонелерді кәріз жүйесіне тастай берген. Ал ол өз кезегінде жол бойындағы арықтарды бітеп тастаған.
Бұл бейнежазба Манила астанасының оңтүстігінде орналасқан Батангас қаласында түсірілді. Мұнда жұмысшылар отырып алып лайдан шығарылған заттарды сорттап отыр.
Полицейлік Марио Дэвидтің айтуынша, бұл ұрланған заттар ұзақ уақыт бойы арықта жатқан. Ұрланған деудің себебі: табылған заттардың ішінде көк тиын ақша жоқ.
Ешбір әмияннан ақша шықпады. Ал заттар полицияға берілді. Енді полиция әр құжаттың иесін тауып, оларды алаяқтардан сақ болуға шақырмақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!