{metadescription}
17 жастағы қызды төсегінде өлтіріп кетті

17 жастағы қызды төсегінде өлтіріп кетті

Бішкек лицейінде оқып жүрген 17 жастағы қыз төсегінде өлі күйінде табылды. 

Бішкектегі тұрғын үйлердің бірінде мәйіт табылғаны туралы хабарлама милицияға 15 қазан күні сағат 7.30-да түскен, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Қыз Бішкектегі лицейлердің бірінде ағасының үйінде тұрып оқыған. 

"Нарынқол облысынан келген қыз Бішкектегі лицейлердің бірінде ағасының үйінде тұрып оқыған. Қыздың мәйіті жатқан үйдің екінші қабатынан құқық қорғау қызметкерлері киім-кешек тапты, үй суық болғандықтан қыз киіммен жатқан", — деді дереккөз.

Қыздың мәйіті төсектен табылған, ол жалаңаш болған.

Сот-медициналық сараптама оны ұрып-соғып, тұншықтырып өлтіргенін көрсетті. Кісі өлтірді деген күдікпен 21 жастағы және 20 жастағы жігіттер ұсталды, олар марқұмның немере ағасы болып келетіні анықталды. Олардың бірі кінәсін мойындады.
Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 97-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.